"Нысана" 15.03.15 (толық шығарылым)
«Халал» тірлік Алматы. Халал стандартымен шұжық шығаратын кәсіпорынның бірі. 10 жыл болыпты осы жүйемен жұмыс істеп жатыр. Еркін ИБРАГИМОВ, шұжық зауытының бас маманы: - Бұл кәсіпорында буға пісірілген, жартылай қақталған шұжықтар жасалынады. Күнделікті 1,5-2 тонна шұжығымыз дүкен сөрелерінен табуға болады. Кәсібі өрге домалап тұр кәсіпорынның. Тек таяуда цех басшылығы «халал» деген маркадан бас тартпақшы. Еркін ИБРАГИМОВ, шұжық зауытының бас маманы: - Халықтың кішкене мынау түсінбеушілігінен. Себебі көп жерде халал сауна, халал бірдеме деп неше түрлі бәлелерді ашып алды. Сол себептен. Соны тазалап дұрыстап беру үшін. Адал деген қазақтың өзінің қағидасы. + Атауынан басқа не өзгереді тағы? Шұжықтарымыз сол қалпы шыға береді. - Біздерге саны емес сапасы керек болып тұр. «Халалдан» мән кетті, жоқ, сәні кетті ма, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы осы іске араласуды жөн көріп отыр. Муфтият «халал» -діннің термині, оны ойыншық қылуға болмайды десті. Бейбіт МЫРЗАГЕЛДИЕВ, ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің меңгерушісі: - Мысалы қонақ үй болса. Ол халал қонақ үй неге болады. Халал қонақ үй бола алмайды. Аллаһ Тағала нені халал етті, нені харам етті құранда жазылып тұр. Аллаһ Тағала доңыздың етін харам етті, және ішкілікті, ұрлық пен зинақорлықты харам етті. Міне соны білу керек. «Халал» таңбалы тауар алғаш рет Малайзияда осыдан 40 жыл бұрын пайда болыпты. Қазір бұл стандарт әлемнің 180 елінде бар. Қазақстанға келгеніне 10 жылдың жүзі. Тілші: Арадағы сол 10 жылда «халал» деген бейтаныс сөз өмірімізге етене енді. Малды осынша жауыздықпен өлтіруге тиым салынады екен, оның еті харам, ал, «халал» өнім шығаратындар санитарлық нормаларды сақтайды екен деген түсінік санаға сіңді. Бейбіт МЫРЗАГЕЛДИЕВ, ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің меңгерушісі: - Тәуелсіз тексерістер болды. Сол тексерістің нәтижесінде шындығын айту керек бірнеше халал өндіретін мекеменің өнімі халалға сәйкес болмады. Тек сенім ақталмағандай. Әдетте даулы іске араласа бермейтін діни басқарма бұл жолы шыдамады. Әрине, нақты қай мекеменің өнімі таза болмай шыққанын айтпайды, бірақ, факт бар. 2014 жылы Алматы зертханасында отандық өнім құрамын сұрыптан өткізгеннен кейін осындай байламға келген. Марат СӘРСЕНБАЕВ, Қазақстан халал индустриясы қауымдастығының төрағасы: - Жоқ ондай компаниялар болған жоқ. Жай сөздер ғой. Үйтті-бүйітті дегеннің бәрін тексердік. Шошқа етін қосқан мен күмәндәнамын. Расында да біз бәріміз бір-бірімізден күмәндануымыз мүмкін. Ол ни о чем ни говорит. Бұл жерде главный мәселе сізде халал сертификаты бар. Марат Сәрсенбаев «халал» ісінде басынан жүр. Қыр-сырын әбден меңгерген. «Күмәндану –әркімнің шаруасы, бар мәселе- қағаздың болуында» деп ағынан жарылған қажы бүгінде сертификат беретін бірегей адам. Ендеше, халал индустриясы қауіымдастығының мәліметіне сүйенсек, «халал» рұқсат қағазын алған елімізде 600 кәсіпорын бар. Оның 110 шұжық, 45-і кондитер өнімін, 20-ы жартылай фабрикат, 11-і тамақ қоспаларын, ал 46-сы сүт өнімдерін шығарады. Одан тыс 51 ет комбинаты мен қасапхана және 24 құс фабрикасы жұмыс істеп жатыр. Халал сертификатын алған қонақ үй, дәмхана мен мейрамханалар да бар, олардың саны 85. Одан тыс бүгінде «халал монша», «халал такси, ұстахана, тіс емханасы, су, нан дегенді естисіз. Тек ең көп таралғаны – ол шұжық өндірісі. Максим НОВИКОВ, шұжық зауытының өндіріс бойынша директоры: файл шортан1. - Цехта екі өнім шығарылады. Екі күн шошқа етімен аралас, сосын келесі екі күні сол құрылғылармен халал шұжық шығарамыз. Ақмола облысындағы ірі шұжық кәсіпорны. Компания басшысы бір құрылғыдан халалы да, харамы да шығатынын жасырмады. Осылай жұмыс істегендеріне де 6 жыл болыпты. Иа, артынанша «шұжықтар бөлек сақталады» деп ақталғанымен, еттің өтетін жері бір екенін қайда қоярсыз?! Гүлмира САЛЫПКЕЛОВА, шұжық зауытының бас технологы: - Шошқа етімен шұжық шығарылып болған соң біз құрылғыны жақсылап тұрып жуамыз. Алдымен сабын су, сосын 2-3 рет жай сумен шайямыз, сосын тұз сумен одан кейін тағыда таза сумен қорыта айтқанда 7 рет шайып тазалаймыз. Мұны дибах дейді. Осылай істеген соң халал шұжық шығара беруге болады. Марат СӘРСЕНБАЕВ, Қазақстан халал индустриясы қауымдастығының төрағасы: - Бұл бүгін Ресейде де осылай өнім шығарылады, басқа да елдерде шығарылады. + Ал енді бірен саран осындай үлкен-үлкен зауыттар бірден олардың ауысып кетуі қиын. Сондықтан олар бір күндері осылай шығарады. Стандартқа сәйкес келеді. Шариғатқа сәйкес келіп тұр ғой. Шариғатқа сай ма, емес пе, оны муфтияттан сұрап білуді жөн санадық. Ауызға салғанның бәрін бидай санаған соқыр тауық болмайық деп. Сондағы білгеніміз, дибах арқылы болса да, доңыздың етінен кейін шыққан шұжық – халал болмаса керек. Осы орайда, діни басқарма ғұламалары таяуда арнайы пәтуа шығармақ екен. - Қарап отырмыз міне бір қызыл жолақ шығып отыр. Бұл тест жұмыс істеп тұр бәрі таза деген сөз. Шошқа сияқты басқа өнімдердің жоқ екендігінің белгісі. Тілші: Қажының бар сенері- мынандай бір тілім қағаз. «Жылдам тест» деп аталады. - Мынау толық сенімді ма? 100 пайыз деп айтуға болмайды. Егер зауыт тіптен неткенде ГМО лабараторияға тексерте алады. Дүкеннің сөресінде қазір не жоқ дерсіз. Ет өнімдерінің сан алуан түрі тұр. «Халал» деген жазуы бары да қаз-қатар тізіліп, көздің жауын алады. Гүлбаршын АХАСОВА, сатушы: - Халал колбасаны көп сұрайды. - Халал колбасаны не үшін қазір көп алып жатыр кісілер? - Оны білмедім енді. Таза деген шұжық қандай болуы керек? Талабы аса ауыр емес. Тазалықтың қағидасынан аспасаңыз болғаны. Алдамен, мал дұрыс сойылу керек, ГМО-сы қосылмаған дәнді дақыл және шошқа еті атауының мүлдем болмағаны. Халал шұжықтың құрамы: - 1- ДІНИ ЖОЛМЕН БАУЫЗДАЛҒАН ТӨРТ ТҮЛІК ПЕН ҚҰС ЕТІ - 2- ГМО-СЫЗ ДӘНДІ ДАҚЫЛ ҰНТАҒЫ - 3 -ШОШҚА ЕТІ МЕН ОНЫҢ ҚАНЫ АРАЛАСПАҒАН ДӘМДЕУІШТЕР Ердәулет БАЙДУЛЛАЕВ, тілші: - Дүкеннен халал таңбалы екі шұжық алдық. Ниетіміз оның құрамында артық қоспалардың бар не жоқ екендігіне көз жеткізу. Сол үшін Астандағы сараптау орталығына келдік. Ақмарал АУЫЛБАЕВА, ҚР "Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы" ақ зертханасының бас маманы: - Жаңа әкелген екі шұжықтан тексеріс басталды.+Қазір ПСР-дің бірінші боксындамыз. Бұл бірінші этап. Республикалық Ұлттық сараптау және сертифиттау орталығының зертханасы. Күмән болмас үшін, тексерісті осында жүргізуді жөн санадық. ШУМ: (др-др машина)Тексеріс 9 этаптан өтеді. Заттың молекуласы, атомы, дегендей, артынша ДНК-сы бөлініп шығарылады. 4 сағаттан соң тексеріс нәтіижесі де дайын. Майра САДЫҚОВА, ҚР "Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы" ақ зертхана меңгерушісі: - Міне шұжықтың нәтижесі дайын болды. Көрейік екі шұжықтанда шошқаның ДНК-сі анықталды. Мұны халал деп айта алмаймыз. Бірақ шұжықтарда халал таңбасы болды. Осыдан кейін сенесіз ба, сенбейсіз ба? Таза деп саудаланып жатқан тауар адал болмағаны қай этикаға жатқызамыз? Нәтижесін қолымызға ала сала, жол бірден қауымдастыққа түсті. - Екі шұжықтанда шошқа ДНК-сі анықталды. ---- Сіз бұған не дейсіз? Бұл екі шұжықтың өндірушісі Қарағанды мен Тараздың компаниялар екен. Қауымдастық оның атауы, өндірушінің мекен-жайымен таныса келе, зауыттардың тіркеуде тұрғанын растады. Тек сертефикат уақыты былтыр аяқталған екен. Марат СӘРСЕНБАЕВ, Қазақстан халал индустриясы қауымдастығының төрағасы: - Бізбен логотип продлевать етпеген соң біз оған жауап бере алмаймыз. Сен неге бүйттің деп айта алмаймыз. Логатип пайдаланғаны үшін біз олармен разборкаласамыз. Расында да сіздерге рахмет. Бұл мәселе туралы біз олармен разборкаласамыз. Біздің көмегімізбен астыртын жұмыс істеп жатқан кәсіпорынды анықтағанына Марат Сәрсенбаев рахмет айтты. Енді мән –жайды тексеретінін алға тартты. Тек одан шығар пайда жоқ-ау. Өйткені, сот арқылы болмаса, ешкімді жауапқа тарта алмайды. Оның өзінде өндіруші артынан «халал» деген жазуды ғана пайдалана алмайды. Тауар сапасына өндірушінің ұяты ғана жауапты. «Арамдық» жасаған кәсіпкерді біз де іздестіре бастады. Жезқазғанда жүрген жерінен телефон арқылы тілдестік. Қайыржан КӨШЕРБАЕВ, жеке кәсіпкер: - ИП «Көшербаев» деген менің атыма тіркелген шұжық цехі. Бірақ 2014 жылдың соңында мен өз жұмысымды тоқтаттым. Сіздер тексерткен шұжықтан шошқа ДНК-сі қалай анықталғандығын түсінбеймін. Негізі ол басқа біреулер сол атаумен шығарып жатқан шұжық болуыда мүмкін. Жеке кәсіпкер қазір цехтің өзі түгіл, көзі жоғын айтты. 3 ай бұрын жабылып қалған, бәсекеге шыдамай. Бұрынғы басшысы «ондай кездестірсеңіздер алмаңыздар» деп безілдеді. Қайыржан КӨШЕРБАЕВ, жеке кәсіпкер: - Сондықтан айтарым ИП «Көшербаев» деген шұжықты алмаңыздар. Оның сапасыда кім жасап жатқандығыда белгісіз. Қайталап айтамын мен қазір жұмыс істемеймін. «Халал» стандартымен шығып жатқан шұшықтарды тексеру бұған дейінде жүргізіліпті. Тұтынушылар құқығын қорау комитетінің маманы «харам» шұжықтар анықталғанын растады. Тек, нақты саны есінде болмай шықты. Дархан ӘЗІМХАН, ҚР Ұлттық экономика министірлігі тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің басқарма басшысы: - Олардың бірқатарында шошқа еті анықталып халал деген стандарқа сәйкес еместігі анықталды. + Тексеру нәтижелерінің ақпараты халал индустриясына және дін істері комитетіне жіберілді. Халал индустриясы не деп жауап қатты? Мойындамады халал индустриясы өз лабараториясында тексеріс өткізіп табылмағандығы туралы ақпарат берді. Осылай бұл мәселе де «жылы жабылады». Дархан ӘЗІМХАН, ҚР Ұлттық экономика министірлігі тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің басқарма басшысы: - Ары қарай сұрап, барып көре алмайсыздарма оны? Жоқ оған құзіретіміз жоқ. Біздің басты мақсатымыз көтеру ол мәселені. Бейбіт МЫРЗАГЕЛДИЕВ, ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің меңгерушісі: - Арнайы заң қабылданбағаннан кейін халалға байланысты бір жүйе құрылмағандықтан діни басқарма бір реттеу үшін алғашқы қадамдарын жасап отыр. Муфтияттің бұл жоспаорына Марат қажы назалы. Марат СӘРСЕНБАЕВ, Қазақстан халал индустриясы қауымдастығының төрағасы: - Қазір діни басқарманы сотқа береміз деп отыр компаниялар. Береді ол одазначна. Қаншама продуктысына халал логатип қойып ол дұрыс емес деп бүкіл дүниеге айтты. Сертификаты бар сотқа бермегенде не істейді ол. Марат Сәрсенбаев қанша ашуға басқанымен кейбір сенім білдірген компания өнімінен артық қоспалардың шыққандығын мойындады. Ол шетелден әкелінетін дәмдеуіштерден табылды дейді. Марат СӘРСЕНБАЕВ, Қазақстан халал индустриясы қауымдастығының төрағасы: - Ингредиент халал қойылған, логотипі қойылған. Компания берген, енді біз әлемді мойындауымыз керек қой. + ПСР лабаратория оған күмен келтіріп отыр. Сондықтан қайтадан запрос жасап ингредиентін ауыстырып отыр. Сарапшылар халал табыс көзіне айналып барады деген пікірде. Экономист Жангелді Шымшықов мұндайда кей компаниялар халық сенімімен санаспайтындығын айтты. Жангелді ШЫМШЫҚОВ, экономист: - Ислам дінін ұстанымы көбейіп келе жатқаннан кейін соны пайдаланып сол арқылы пайда табу үшін өзінің табысын ұлғайту үшін шығарған өнімінің барлығын халал деген атпен өткізіп жатыр. +Олар абройын кетірді халал дегеннің. Марат СӘРСЕНБАЕВ, Қазақстан халал индустриясы қауымдастығының төрағасы: - Оны анау-мынау өсек-аянға айналдыру керек емес. Халал бүгін садиката, мектепте, балабақшада, спорт комплекста, халал туризмда, халал тамада, халал СТО бүкіл бәрі халал болуы керек. Сонда ғана құт береке болады оның не кедергісі бар. Діни басқарманың ұстанымы басқа. Халады адал деп өзгертейік және оны тек тағам түрлеріне ған қолданайық деп отыр. Сонда жүйелі болады және қадағалау күшеймек. Бейбіт МЫРЗАГЕЛДИЕВ, ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің меңгерушісі: - Сондықтанда біз халал кәсіпорындардың шығарып отырған өнімін үнемі үзбей отырып қадағалаудың ережесін біз дайындап шықтық.+ Сол ережемен толық қанды келіскен азаматтарға, мекемелерге біздер ерікті түрде куәлігімізді тапсырамыз. Марат СӘРСЕНБАЕВ, Қазақстан халал индустриясы қауымдастығының төрағасы: - Көп адамбар логотипті не үшін алады? Бүгінгі таңда сыртқа істеу үшін халықаралық жасау үшін. Сырттағылар халал деген танитын сөзбен алып жатады ғой. Ал біздің Адал деген сөзді қазақ пен қырғыздан басқа ешкім түсінбейді. Тілші: Соңғы мәлімет бойынша, «Адал» стандартына көшуге әзірше үш кәсіпорын ниет танытыпты. Ал халал таңбамен тауар өніретін 600 кәсіпорын бар. Қалай болғанда да ендігіде «халал» мен «адал» қатар жүрмек. Ердәулет БАЙДУЛЛАЕВ, Артем ЗЛОБИН «НЫСАНА» Елеңдеткен есектің еті\ Қырғыз жеріндегі әріптестеріміз есектің етін кәдеге жаратып жүрген кәсіпкерлердің барын анықтады. Сойып, жуып аймақтарға әрі Бішкектегі дәмханаларға өткізіп отырған деген ақпарат бар. Көршілер әрекеті біздің тұрғындарды да елең еткізді. Жалпы Алматыда дәмхана атаулы көп. Көшенің әр бұрышынан түрлі жүрек жалғайтын орындарды жиі кезіктіресіз. Қалағаныңызды дереу дайындап жібереді. Мирас МҰҚАШЕВ, тілші: - Біз Алматыдағы Шығыс тағамдарын әзірлейтін мейрамханалардың біріне кіруге рұқсат алдық. Қазір аспаздармен тілдесіп көреміз. Не әзірлеп жатырсыздар қазір? Қызыл бұрыш, көк бұрыш және сиыр еті қуырмасы. Қайнаған отпен араласып қызу жұмыс та жүріп жатыр. Аспаз күнінен бірнеше еттен жасалған тағам әзірлейді. Тұтынушылар негізінен сиыр етінен жасалған асқа аңсары ауады екен. Нұрбақыт ҚЫЗЫРБЕКҰЛЫ, аспаз: - Сиырдың еті бір көргеннен қазақ баласымыз ғой бірден танимыз. Қойдың еті, жылқының еті, ешкінің еті өзгеше болады. Бір-біріне ұқсамайды. Жоқ ондай нәрсе көрмегенмін. Әлбетте есектің етін жедім деген қазақ баласын кездестірген адам туралы естіген ешкім жоқ. Қытайда «деликатес» ретінде дастарханға ұсынылады деген сыбыс қана бар. Дәмхананың қожайыны етті әр күн базардан алатынын айтты. Өйткені мұнда келушілердің көбі етті дереу ажыратады. Сол себепті меймандары үшін ең сапалы тағам әзірлеу басты талап. Қағида ҰЛАН, мейрамхана қожайыны: - Справкасын аламыз. Базардағы күндегі ет күнде келіп тұрады. Жаңағы халал сойылды ма қаны шықты ма. Қаны шықпады ма деген секілді сондай еттердің айырмашылығы болады. Қаны шықпаған еттер қарайып тұрады. Мәселен дәмхана төңірегінде жүрген мамандар етті еркін ажыратады. Өкініштісі қалалы жерде тұратын кісілердің көбі алдындағы астың құрамына назар аудара бермейтін сияқты. Қалдыгүл БЕКАЙДАРҚЫЗЫ, Алматы қаласының тұрғыны: - Етті бәрі бірдей танымайды. Етті таныса нетуге болар еді. Ал жұрт даже қойдың еті мен сиырдың етін ажырата алмайтындар бар. Есектің етін соғыс кезінде жегенді деп естіп едік. Ашаршылықта жеді дегенді. Ел тұрғындарының алаңдауына негіз бар. Бішкектен екі жүз-ақ шақырым жерде отырған Алматылықтар айырқалпақты ағайыннан сарқыт келсе таң қалмаймыз десті. Гүлнұр БАХТИЯР, Алматы қаласының тұрғыны: - Табыс көзі басты мақсат болып кетті ғой. Коммерция заманында. Әрине алып келуі мүмкін саудагерлер базарда. Жас семьялар енді енді біліп жатырмыз. Бұрын білмейтін едік қой. Не берсе соны жеп отыра беретін едік. Әрине қауіпті болады. Мирас МҰҚАШЕВ, тілші: - Кім сойса да қасапшы сойсын деген сөз бар. Әр малдың етін қасапшыдан артық ешкім білмейді. Сиырдың жамбас етін бұзып жатырмыз қазір. Сегіз жыл бойы қасапшылықты кәсіп еткен Ербол Ертайұлы сиыр, қой, жылқының етін әр қазақ айыра білу керек деп есептейді. Ал көрермендерге есек етінің анықтамасын айтып берді. Ербол ЕРТАЙҰЛЫ, қасапшы: - Есектің еті қап-қара болады. Көбінесе формадан кішілеу болады да. Қап-қара ет болады да. Сыртында майы болмайды. Әшейін пленка қап-қара ет болады. Дәмінен де айырмашылығы болады. Ол жеген кезде тастай қатты болады. 4 сағат пісірсе де ол ет ешқашан жұмсырмайды. Ал отандық эпидемиологтар Қырғызстаннан тасымалданатын ет өнімдерінен есектің ДНК-сын іздеп жатыр. Мамандар ет өнімдерінің құрамы мен сапасын жаппай тексеруге кірісті. Әсіресе көрші елмен шекаралас Жамбыл облысында тамақ өнімдеріне бақылауды күшейтілген. Шалғынбай ЖАНДОСОВ, Республикалық санитарлық эпидемиологиялық сараптама және мониторинг орталығының директоры: - Өткен аптада Жамбыл облыстарына тапсырмалар беріліп жатыр.Өтіп кетсе дереу зертханаларда тексеру жүргізу керек деген.Әртүрлі консервілерді сиырдың,жылқының консервілерінде есектің ДНК-СЫ бар ма,жоқ па тексере аламыз. Тексеріс күшейді. Бастысы көрші елден есек еті келіпті деген дерек жоқ. Ал еттен секем алсаңыз Республикалық орталықтың эпидемиологтары оны тегін тексеріп беруге әзір. Мирас Мұқашев, Дмитрий Попов, Сахиб Велиев «Нысана» Қызған науқан Нұрсұлтан Назарбаев «Біздің күшіміз- бірлікте» тақырыбына шығарма жазды. Елбасының саяси ұстанымы да «төртеу түгел болса, төбедегі келеді» принципінен айныған емес. Мырзатай ЖОЛДАСБЕКОВ, лингвистикалық комиссияның төрағасы: - Өте кең. екі параққа жазған. Тақырыпты аша білген. Қате жоқ. Президенттікке кандидат Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазақ тілін еркін меңгерген деген шешім қабылдадық. Мемлекет басшысынан кейін емтиханнан сүрінбей өткен Қанат Тұрагелдиев болды. Алматыдан ат терлете келген азаматтың саяси тұрмақ, өмірлік позициясы өзгелерден ерекшелеу. Қанат ТҰРАГЕЛДИЕВ, жұмыссыз: - Басқа бүреу түсіп кетпесін деп. Анау күні жүрді ғой біреулер аттары бөлек. Солар түсіп кете ме деп. Ертең Қазақстанды әйел басқарып отырса масқара болмаймыз ба? «Үстімдегі шапаным – құндылық» деп жар салған Тұрагелдиев мырза 2011 жылы да сайлау додасына түскен еді. Бір емес, бірнеше сайлауды көрген, көрсе де, қоймаған -Уәлихан Қайсаров. Ол құжатын тапсырмай жатып, сүрінді. Өмірбаянында «Қазақстан азаматы емесіп» деп айды асппан шығарған. Сірә, қазақшасы мықты болғаны соншалық. Мырзатай ЖОЛДАСБЕКОВ, лингвистикалық комиссияның төрағасы: - Өте дөрекі кателер жібергенсіз. «ҚР-ның аумағында тұрамын» дегенге жауап бересіз «ҚР тұғаннан тұрамын» деп жазасыз. Наурызды кате жазасыз. «НауЫрыз». Бұл біздің қасиетті мерекеміз ғой. Сондықтан мен мұны өте дөрекі кате деп есептеймін. Ана тілінен емтиханнан сүрінгеннің бірі- әскери қызметкер, майор шеніндегі Ержан Серғазин. Тілден сынақ боларын біле тұра, өз білімінің деңгейін сезе тұра, Серғазин мырза шешілген. Сайып келгенде, Абайдың қара сөздерін ежіктеп оқыған үмітті, «қарекет» деген сөздің мағынасын білмеген. Ержан СЕРҒАЗИН , әскери қызметкер: – мынау «Мырзатай ағамыздың бастаған алқа отырысы екенін қайдан білесің? Біреу сүрініп, жығылып жатпаса...» – Рахмет. Өмірбаянын толтырғанда 10 қате жіберген азамат та президенттіктен дәмелі. Дәл айтсақ, ол- Бақтияр Естемесов. Мына 2 бет шығарма үміттінің жазба жұмысы. Шығармасынан 50 кате шықты. Ол- ол ма?! Жыр арысы-«Мұқағали Мақатаев 19 ғасырда туған» деп жауап қатқаннан соң, айтар бар ма? – Сұрағыңыз бар ма комиссияға? – Сұрағым жоқ. – Жақсы айналайын, жассың ғой әлі. Амантай ҚАЖЫ, зейнеткер: - Менің кішкентай ақындығым бар екен, тағы да менің. Өлең шығарам. ол газеттерде де бар: -Алты алашты арысым, Бүгін туған бағы үшін. Аттан қазақ атқа мін, Тәуелсіздік туы үшін. Ал, мына адамды таныстырып қажеті жоқ шығар. Бұл кісіні тыңдамай-ақ, бір көрінісінің өзі еріксіз езу тарттырады. Сайлау Амантай қажысыз қалай өтсін? Журналист, даушыл Жарылқап Қалыбайды да бұқара танып қалды. Ол кісі де дәмеленіп, Алматыдан арнайы келді. Жарылықап ҚАЛЫБАЙ, журналист: - Маған дейінгі өзін өзі ұсынған адамдардың ешқайсысына көңілім толмайды, Н.Назарбаевтан басқа. Демократиялық қоғамның мазмұнын беріп, легитимділік беруге мен сияқты салмақты үміткер түскені лайық деп есептеймін. Жарылқап Қалыбай өзіне сенімді сияқты. «Салмақты саясаткермін» деп таныстырған журналист, тек өткен-кеткенді еске түсіргісі келмеді. Мырзатай ЖОЛДАСБЕКОВ, лингвистикалық комиссияның төрағасы: - Президент сайлауы дегеніміз – тауық фабрикасы директорының сайлауы емес. Апырмай, мына кісілер неге ойланбайды екен. Ел басқару оңай, келіп Президент болсам, мені сайлай қойса, бәрі өзінен-өзі жүреді деп ойлайды ғой деймін. Бұл науқанның өткендерден бір ерекшелігі саяси партиялар құлықсыз. , «Ақжол», «Ауыл» және «Бірлік» партиялары кандаидаттарын айтулы додаға түсірмейді. Олар, бір ауыздан, Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын қолдайтынын мәлімдеді. Фариза ШӘМШІ, Нариман САБЫР «НЫСАНА»
"Нысана" 31.05.15 (Толық шығар…
"Қорланған балалық". "Нысана"…
"Оқулықтағы олқылықтар". "Ныса…
"Нысана" 24.05.15 (Толық шығар…
"Нысана" 7.05.15 (Мерекелік шы…
Қазақстандықтар өнер Батырын ж…
"Нысана" 3.05.15 (Толық шығары…
Байланысшылар бағыты қандай? "…
Құрт ауруына тосқауыл табылды…
Апаттан кейін халық қалай күн…
"Нысана" 26.04.15 (Толық шығар…
Аралға айналған ауыл 26 сәуір…
"Нысана" 19.04.15 (Толық шығар…
Су келді, дегбір кетті "Нысана…
«Көңіл қалдырған бір атым насы…
Мектепті есеңгіреткен иіс "Ныс…
Талайды тәуелді еткен насыбай…
Тасқын су салдары "Нысана" 19…
Қазаннан қақпақ кетсе, кеміргі…
Өзі қат, өзі қымбат "Нысана" 1…
Бүйрегі бұрды "Нысана" 12.04.1…
"Нысана" 12.04.15
Елордалық кәуап "Нысана" 12 сә…
Отандық дәрі-дәрмек "Нысана" 1…
"Нысана" 5.04.15
Алатаудың ар жағынан келген кө…
Отандық отын "Нысана" 5.04.15
Жанармай бағасы төмендей ме? "…
Қолжетімді көліктер "Нысана" 5…
Нысана 29.03.15
Нысана 8.03.15
Нысана 1.03.15
Нысана 22.02.15
Нысана 15.02.15
Нысана 08.02.2015
Нысана 01.02.2015
Нысана 25.01.15
Нысана анонсы 25.01.15
Ардан азғындық озса... Нысана…
Берекесі қашқан бағдарлама - Н…
Нысана 18.01.15
Шоу айтыс па, шала айтыс па?
Базары тарқаған Алматы - Нысан…
Татықтатқан ереже - Нысана 11.…
Нысана 11.01.15
Нысана Жаңа жыл 2015 28.12.14
"Нысана" студиясында Жаңа жылд…
Нысана 21.12.14
Нысана 14.12.14
Нысана 7.12.14
Нысана 30.11.14
Нысана 23.11.14
Нысана 16.11.14
Нысана 9.11.14
Нысана 2.11.14
Нысана 26.10.14
Нысана 19.10.14
"Нысана" - анонс 19.10.14
"Нысана" толық шығарылым 12.10…
"Нысана" толық шығарылым 5.10…
Нысана 28.09.14 толық шығарылы…
Нысана - 21.09.14 толық шығары…
Нысана 14.09.14
"Нысана" - анонс 14.09.14
"НЫСАНА" Армангүл Тоқтамуратпе…
"НЫСАНА" 7.09.14
Нысана (12.07.14 толық шығарыл…
Нысана (05.07.14 толық шығарыл…
"Нысана" (28.06.14. толық шыға…
Нысана (21.06.14 толық шығарыл…
Нысана (14.06.14 толық шығарыл…
"Нысана" (07.06.14. толық шыға…
"Нысана" (31.05.14. толық шыға…
"Нысана" (24.05.14. толық шыға…
Нысана (17.05.14. толық шығары…
Нысана (15.02.14. толық шығары…
"Нысана" (10.05.14. толық шыға…
"Нысана" (03.05.14. толық шыға…
"Нысана" (26.04.14. толық шыға…
"Нысана" (19.04.14. толық шыға…
"Нысана" (12.04.14. толық шыға…
"Нысана" (05.04.14. толық шыға…
"Нысана" (29.03.14. толық шыға…
Нысана (22.03.14. толық шығары…
Нысана (15.03.14. толық шығары…
Нысана (08.03.14. толық шығары…
Нысана (01.03.14. толық шығары…
Нысана (22.02.14.толық шығарыл…
Нысана (15.02.14. толық шығары…
Нысана (08.02.14. толық шығар…
Нысана (01.02.14 толық шығарыл…
http://www.youtube.com/watch?v…
"Нысана" (18.01.14 толық шығар…
Нысана (полный выпуск от 11.01…
"Нысана" (Полный выпуск от 29.…
"Нысана" (полный выпуск от 28.…
"Нысана" (Полный выпуск от 22…
"Нысана" (полный выпуск от 07…
"Нысана" (Полный выпуск 30.11.…
"Нысана" (Полный выпуск 23.11…
"Нысана" (полный выпуск от 16.…
"Нысана" (полный выпуск от 09.…
"Нысана" (полный выпуск от 02.…
"Нысана" (полный выпуск от 26.…
Нысана (полный выпуск от 19.10…
"Нысана" (полный выпуск от 12.…
Нысана (полный выпуск от 05.10…
"Нысана" (полный выпуск от 28.…
«Нысана» (полный выпуск от 21.…
«Нысана» (полный выпуск от 14.…
Итоговая программа «Нысана» (п…
Нысана (полный выпуск от 06.07…
Нысана (полный выпуск от 29.06…
Нысана (полный выпуск от 22.06…
Нысана (полный выпуск от 15.06…
Қоқыстан арылудың амалы
Нысана (полный выпуск от 08.06…
Нысана (полный выпуск от 01.0…
Нысана (полный выпуск от 25.05…
Нысана (полный выпуск от 18.05…
Нысана (полный выпуск от 04.05…
Нысана (полный выпуск от 27.04…
Нысана (полный выпуск от 20.04…
Нысана (полный выпуск от 13.04…
Нысана (полный выпуск от 06.04…
Нысана (полный выпуск от 30.03…
Нысана (полный выпуск от 16.03…
Дарынға дауыс бер_Мұзойғыш
Дарынға дауыс бер_Пеш
Дарынға дауыс бер_Темір түйген…
Дарынға дауыс бер_Күн сәулесім…
Дарынға дауыс бер_Акушерлік ке…
Нысана (полный выпуск от 09.03…
Нысана (полный выпуск от 02.03…
Өлекседен түскен айыппұл_Нысан…
Көңіл толқыны туралы тартыс_Ны…
Нысана (полный выпуск от 23.02…
Анонс "Нысана"_Қолжетімді басп…
Анонс "Нысана"_Айтаққа ерген а…
Нысана (полный выпуск от 16.02…
Нысана (полный выпуск от 09.02…
Нысана (полный выпуск от 02.02…
Нысана (полный выпуск от 26.01…
Нысана (полный выпуск от 19.01…
Нысана (полный выпуск от 12.01…
Нысана (полный выпуск от 29.12…
Нысана (полный выпуск от 15.12…
Нысана (полный выпуск от 08.12…
Нысана бағдарламасының анонсы…
Нысана (полный выпуск от 01.12…
Нысана (полный выпуск от 24.11…
Нысана (полный выпуск от 17.1…
Нысана (полный выпуск от 10.11…
Нысана (полный выпуск от 03.11…
Нысана (полный выпуск от 27.10…
Нысана (полный выпуск от 20.10…
Нысана (полный выпуск от 13.10…
Нысана (полный выпуск от 06.10…
Нысана (полный выпуск от 29.09…
Нысана (полный выпуск от 22.09…
Нысана (анонс от 22.09.12)
Нысана (полный выпуск от 15.09…
Онлайн-трансляция «Седьмого канала»
Cегодня вечером
Подписывайся на наши аккаунты в социальных сетях и будь в курсе всех событий «Седьмого канала!»

















Продвижение сайта и учет позиций Яндекс.Метрика