Нысана 29.03.15
Қырғызстан Алматы мен Бішкектің арасындағы тас жолда әрі-бері ағылған көлік қарасы көп. Көрші елмен жалғайтын трассаға біз де шықтық. Шекара. Бұл маңда барыс-келіс тоқтаған емес. Мирас МҰҚАШЕВ, тілші: Міне жаңа ғана қырғыз-қазақ шекарасынан өттік. Енді міне Бішкек қаласына жеттік. Осы жерде аумалы-төкпелі заманды атамекеннен қоныс аударып көшіп келген бірнеше қазақ отбасылары тұрады екен. Қазір солармен танысамыз. Әңгімені әріден бастасақ айыр қалпақты ағайынның арасында қазақ қайдан жүр деген сауал кесе-көлденеңдейді. Сөйтсек, дүние жүзіне тарыдай шашылған қандастар мұнда да жеткілікті. Қазір Қырғызстанды 33 700 қазақ мекендеп отыр. Ағайын-бауырлар, қазақы қауым бар. Тілді ұмытпаған, ғұрыпты құныттаған жандар жылы қарсы алды. Сонау 29-30 жылдары ата-бабалары кәмпескеге ұшырап, туған топырақты аштық жайлағанда Арқадан ауған екен. Балхашқа жетіп, Шуды бойлап көрші елге өтіп кетіпті. Содан бері қырғыз арасында. Мирас МҰҚАШЕВ, тілші: Қазір біз Бішкектен 50 шақырым жерде орналасқан бұрын Алтыбарақ қазіргі Ұшқын елді мекеніне келіп жеттік. Бұл жерде кезінде тек қана қазақтар ғана тұрған екен. 23:49 Қазір бұл жер аралас ауыл. Аядай ауылда алпыстан аса қазақ отбасы түтін түтетіп отыр. Қырғызша айтсақ аил тұрғындарының дені ауыл шаруашылықпен айналысады. Аулаларында мал сатып қол жеткізген көліктерімен кісі тасып нәпақа табады ер-азаматтың дені. Нәзікен ОМАРБЕКОВА, Ұшқын ауылының тұрғыны: Телефон жоқ ауылымызда. Газымыз жоқ. Газ тартса жақсы болар еді бізге. Қазақстанда жақсы ауыл-ауылдың бәріне газ тартып жатыр ғой. Қалада болмаса бұл жақта жоқ. Көмірмен отырамыз, тоқпен. Тоқ та тапшы болып қалды биыл. Бұл жергілікті тұрғындардың басты мәселесі емес. Көпшілікті перзент келешегі толғантады. Қазір Ұшқын елді мекеніндегі қазақ оқушылары ауылдан 5 шақырым жердегі Манас аталатын аудан орталығындағы қырғыз-орыс аралас мектепке қатынап оқиды. Сайлаугүл ОМАРБЕКОВА, Ұшқын ауылының тұрғыны: Енді әрине. Отырған жер билейді да жаным-оу. Бұл жерге қазақтың мектебін аша алмайды ғой. Қазақ әр жерде бұл жерде немене отыз шақты қазақ үйге бола ашпайды да. 47:09 Болса деп ойлаймыз. Әркім өз тілін үйренгені жақсы ғой. Сол себепті мектеп жасындағы қазақ балалары орысша білім алады. Ұрпағы үшін тал егіп, мал өсіретін Ерғазы Оспанов ұлының болмысы ғана емес тілі де қазақы қалыптасқанын қалайды. Ерғазы ОСПАНОВ, Ұшқын ауылының тұрғыны: Енді конечно қалаймыз ғой. Қазақша оқығанын. Өзі қазақ өзінің тілі болғаннан кейін. 39:12 Мен например баламның өзімнің ойым қазақша сөйлесе. Қазақ тілін білсе сол қалауым сол. Ауылдықтар амбулатория мәселесін де сөз қылып еді. Манастағы дәрігерлік бөлімшені де көрдік. Кезінде пәтер ретінде салынған аядай бөлмеде сырқаттар қабылданады. Медициналық бөлімше меңгерушісі аил үкіметі жаңа ғимарат тұрғызып береміз деп уәде еткен. Соны күтіп отырмыз дейді. Жүнісәлі МӘМЕТОВ, Манас ауылдық амбулаториясының жетекшісі: Қатты ауырып қалғанда жәрдем көрсетеміз. Анан кейін жөнелтеміз. Шаар бізге жақын. Районға жібереміз. Облостной республиканскиге жібереміз. Босанып қалатын болса екі күн бұрын өздері кетішеді. Скорый жоқ. Ең бастысы айыр қалпақты ағайын арасында береке-бірлік сетінемеген. Қазақ-қырғыз бір туған деп сыйласады. Торқалы той мен топырақты өлімді де бірігіп атқарады. Үйлеріне су тартылған, жарығы барына қанағат қылады. Десе де атамекенге бір бүйрек бұратыны сезілді. Тиышгүл ОСПАНОВА, Ұшқын ауылының тұрғыны: Сол енді атамекеніне барып өзінің тіліне, өзінің дініне өзіміздің жеріне барғаны тура ғой. Қайырылғаны жастар. 55:42 Біз енді балаларды жібергенде осы жақтан барған бауырларымыз ғой деп біздің барған балаларымызды жақсылап қарсы алып көтеріп, жұмысы болса кішкене қарайласып енді біз сөйтіп ойлаймыз енді. Қазір ауылдағы жастар дені Астана мен Қарағандыда құрылысшыдан бастап әртүрлі салада жұмыс істеп жүр екен. Солар азаматтық алып, үйіріне қосылса деген ниет қариялардыкы. Нәзікен ОМАРБЕКОВА, Ұшқын ауылының тұрғыны: Алғашқыда көшкендер квота алып кәдімгідей. Енді қазір көшіп барғанда не бар. Жұмыс істемесе, квотасын бермесе қалай көшіп барады енді. Ол жақта үй қымбат. Үй ала алмайды. Бір бөлмелі үйдің өзі 75 мың болып жатса қалай алады. Күнін көре алмайды. Қандастар тілегі мен өтінішін ел азаматтарына жеткіземіз дестік. Жалпы Қырғызстанда қол қусырып, бос отырған қазақ сирек. 72 жастағы Боқан қария білікті шаруа. Іскерлігі ескеріліп Қырғыз елінің «еңбек ері» де атанған. Бес баласы да өзі де жер, мал шаруашылығын дөңгелетіп отыр. Қазір балық шаруашылығымен айналысып аты шыққан. Боқан ҚҰЛАНБЕТОВ, жеке шаруа қожалығының иесі: Әрқандай ғой. 15-20 тоннаға дейін барып қалады кейде. Бір жылда. Енді біз каждый год же. Күзді күні өткізіп жіберемін де қайтадан балық отырғызамын. 06:23 Еңбек етсең ешқашан да далада қалмайсың да. Көштен де қалмайсың. Елмен қатар ауқат етесің. Ал Қырғыз жеріндегі Қазақтар қауымдастығы төрағасының орынбасары Тілеуқор Бошумова 50 жыл бойы авияция саласында қызмет еткен. 17 жыл ұшақтағы борт серік болыпты кезінде. Қазір қауымдастықтың шаруасын атқарып жүр. Бұл кісіден қазақ мектебінің жайы не болатынын сұрадық. Тілеуқор БОШУМОВА, Қырғызстандағы қазақтар қауымдастығы төрағасының орынбасары: Фонд ашып, жер алсаңдар сондай бір помощ береміз деп маған бір кісілер айтқан. 06:10 Қазақ мектебі деп айтылады. Соның ішінде интернетный система жасап балалар әрбір сол спортпен музыкамен айналысып сондай болған мектеп болса деп ойлаймыз. Бішкек шаһарында да қазақ жеткілікті. Әр салада. Газет жауапты хатшысы, мұғалім, дәрігер, кәсіпкері аз емес. Атамекенге көшкісі келетіндер бар. 10-20 отбасы болып бірақ келсек деп отыр. Сосын балаларына Қазақстандағы кәсіптік техникумдарда оқитын мүмкіндік болса деген тілектерін жеткізді. Сәулехан АЙДАРБАЕВА, Шу облысының тұрғыны: Біздің балалардың бәрі университетке өте алмайды. Университет бәрі оқу оқи алмайды. Қазақстанда жаңағы 10-11 класқа колледждің программасын кіргізіп жатыр ғой жаңағы электрик, повар, токарь сондайды бізге дағы бір льгота болса этнический қазақтарды. Алматыда орналасқан Дүниежүзі қазақтар қауымдастығы төрағасының орынбасарынан алдымен көш жайын сұрадық. Қазір Астана мен Алматы қаласында оралман ретінде тіркемейді. Ал, Облыстарға келуіне шектеу жоқ. Сұлтанәлі БАЛҒАБАЕВ, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының орынбасары: Жәрдемі оның Қазақстанда қалуына мүмкіндік береді. Азаматтық алуына мүмкіндік береді. Бірақ өз күнін өзі көреді. 02:53 Оралман мәртебесін алып мемлекеттен жәрдемақы алып мемлекеттен көмек алатын болса онда Қазақстанның алдын-ала анықтаған, айқындаған облыстарына барады. Сонымен қатар кәсіптік техникударда оқығысы келетін қазақ балаларына қатысты Сұлтанәлі Балғабаев толық ақпарат берді. Сұлтанәлі БАЛҒАБАЕВ, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының орынбасары: Кәсіптік орта және арнаулы оқу орындарына шет ел қазақтарын қабылдау проблемасы шешілген емес. Оны қайта-қайта ұсынып отырмыз. Оны енді биыл Үкімет қалай шешеді ол биыл болады деп уәде бере алмаймын. Ендігі жылдан бастап оны қалай болғанда да шешуге тырысу керек. Қырғызстанда 2005 жылы 42 мың қазақ өмір сүріпті. Ақырындап болса да бауырлардың тарихи Отанға оралып жатқаны байқалады. Бірақ көпшілік қазақ аймақтарына емес Астана мен Алматыда тұрақтасақ дейді. Көш жүре түзеледі деген тәмсілге иланады бәрі. Тілі түркі-түрі ұқсас, түбі-түркі діні бір қырғыз туғандардан зәбір көрген қазақ жоқ бастысы. Бабалары туған жерден ауып кеткен қандастар баларының атамекенге қоныс аударуын аңсайды іштей. Мирас МҰҚАШЕВ, Дмитрий ПОПОВ, Сахиб ВЕЛИЕВ Нысана Қарағанды облысы Талғат Нұрмағамбетовтың бұл -ақадал еңбегімен тапқан малы. Қыстан әрең шыққан түлік онсыз да жұғылуға жақын тұр еді. Талғат НҰРМАҒАМБЕТОВ - Ақадыр кентінің тұрғыны: Қорада бір ұсақ малым бар еді 40 шақты соның бәрін шығара алмай қалдым, шыны керек. Бір үш төртеуін шығарғам, бірақ ол мал болмады. Сол енді өзіміз малға қарап отырғанбыз, дірдектеп міне енді енді жазға іліктік деп отырғанда мынандай жағдайға ұрылып қалдық. Мал иесінің іші удай ашығанмен жақын-жуығының аман қалғанына шүкір дейді. Өйткені, топан су қас-қағымда келген. Аяқ астынан тасқын су келгеніне ауыл халқы аң-таң. Өйткені, жақын маңда ірі су қоймасы жоқ, бөгетті бұзып шықты дейтіндей. Бір болжам бар. Күн райы тым жылымық тұрған, оған қоса, 2 күн толассыз жаңбыр жауған екен. Қырдағы қалың қар ағын су болып ағуына сол себеп болуы ықтимал деп күдіктенеді халық. Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ – тілші: «Алғаш су тасқыны болған күні ауыл тұрғындарының сөзінше су деңгейі мына тұрған үйден 1,5 метірге дейін көтерілген. Алайда тұрғындармен, ТЖД бірлесе атқарған жұмысының арқасында, су өз арнасына түсіп, қазір тиістіше ағып жатыр. Ақадыр кентінде қазір қауіп беті сейіліп қалған» Тасқын 38 үйдің ішіне кірген. Ағысы 1 метірден асқан су үйдегі бар мүлікті шайды. Электр тауарлары бұзылды. Тұрғындардың қазір қам көңіл. Жергілікті билік өкілдері апаттан зардап шеккен тұрғындардың мүлігі мен малының есебін толтырып береміз деп уәде беріп отыр. Азамат ӘБІЛДИН - Қарағанды облысы, Шет ауданы әкімінің орынбасары: «9 топ бар, сол 9 топта 12 адам зардап келген әр үйге кіріп, материялдық құндылықтарға қандай зиян келді тізімін жасап, тағы басқасына бәрі қамтылатын болады. 37 бас малы малдай болама, жоқ ақшадай болама барылығы толық төленеді» Майрагүл ТЫРНАХАН -Тоқтар ауылының тұрғыны: «Біз таңертең кірдік, мына белден келетін су. Үйде бүкіл дүние, бүкіл диван, кілем деген жүзіп жүр. Ал, біз қаншама затты кредитке алдық. Біз ауылда тиынмен өмір сүріп отырмыз, тиынмен.» Ал, мынау Қарқаралы ауданына қарасты елді мекен. Мұнда да ағын су келген. 70 -ке жуық тұрғыны бар ауылды, әдетте, айналып өтетін ағын су, биыл қас қылғандай ауылға қарай лап қойған. Бір өкініштісі сол, мұндағы ауылдардың да су тасқынының басты себебі 2 күн толасыз жауған жаңбыр болып отыр. Нәтижесінде апат болады деп құлағдар болмаған халық енді не істерін білмей дал. Халел МАҚСҰТОВ - Қарқаралы ауданының әкімі: « Толасыз жауған жаңбырдан, таудан аққан су лезде елді мекенге келді. Мына матақ елді мекенінде мұнда 90 үй бар, 425 халық тұрады. Сол 90 үйдің 20 ның ауласына кірді, 5 үйдің ішіне су кірген. Бұл жерде қазір 40 шақты семьяны көшірдік. 200 қой, 70 сиырды көшірдік. Мұнда бастысы адам басы аман.» Апат-айтып келмейді. Әрине, адам қазасы жоқ, сол көңілге демеу. Тек халық та, жергілікті атқамінерлер де табиғат кей-кезде тым қатыгез екенін ұмытпаған жөн сияқты. Алысты жақын еткен жәрдем - 106 бригада сапарға шығамыз. Шұғыл қоңырау. Шұғыл жолға дайындалу керек. Науқастың алғашқы көмегіне қажетті дәрі-дәрмек, құрал-жабдықтың бірі де ұмыт қалмауы шарт. Борис САРТАЕВ, Санитарлық авиация орталығының дәрігері: - Науқастың дертін анықтайтын құрылғыларды өзімізбен бірге алып шығамыз. Жолға шықпас бұрын тексеріп алу керек. Керек-жарақ дайын. Дәрігерлер әуежайға жеткенше, ұшақ та әзір тұр. Ердәулет БАЙДУЛЛАЕВ, тілші: - Ұшаққа орналасып болдық. Барар бағытымыз Қостанай қаласы. Мақсат ондағы науқасты алап Астанаға жеткізу. Онда жеткенге дейін дәрігер науқас жайлы деректермен толық танысып шығуы керек. Деттеген жерге жеткенде оған уақыты болмайды. Борис САРТАЕВ, Санитарлық авиация орталығының дәрігері: - Науқастың дигнозы өте ауыр. Дәрі-дәрмекпен жасалған ем пайда бермепті. Енді оны аман алып қалудың жалғыз жолы ота жасау. Ал мықты кардиохирургтар тек Астанада бар. Ердәулет БАЙДУЛЛАЕВ, тілші: - Бар болғаны 1,5 сағатта Қостанайғада келіп жеттік. Дәрігерлер тобын мұнда жедел жәрдем көлігі күтіп тұр. Соған мініп науқас жатқан ауруханаға барамыз. Әуежайдан ауруханаға дейін 8 шақырым. Жолдың қашықтығы, көлік кептелісі тағы бар. Амалсыздан жедел жәрдем көлігі қарсы беттегі жолға түсті. Жүйіткіген дәрігерлер бағдаршамның қызыл түсініде кідірген жоқ. - Давлениясын өлшейді. Ангелина Шестакова осыдан апта бұрын ауруханаға түскен. Бір қарағанда жағдайы аса ауыр емес сияқты. Қайыржан МЫРЗАБЕКОВ, кардиохирург: - Науқастың жүрегінде ақау бар. Ол сырт көзге бірден байқалмайды онысы. Егер бір нәрсені уайымдаса немесе жылдам қозғалса, онсыз да жұқарып тұрған қан тамыры жарылып, сол бетте –ақ жүріп кетуі мүмкін. Астанаға өздігімен жете алмайтындақтан санитарлық авиацияны шақырттық. Астаналық дәрігерлер қайыра бір тексерді, науқастың жолға жарамдылығына тағы бір рет көз жеткізіп алды. Көп ұзамай науқас ұшаққа жеткізілді. Көкке көтерілген соң оның тыныстауы қиындай түсті. Ауа қысымы өзгерді, сәйкесінше, ағзаға да әсерін берді. Ердәулет БАЙДУЛЛАЕВ, тілші: - Сондықтанда бар сенім мына құрылғыда. Егер науқастың қан қысымы немесе жүрек қағысында өзгеріс пайда болса маниторға бірден дабыл белгісі шығады. Ұшақ іші шағын жансақтау бөлімі сияқты. Дәрігерлер санитарлық авиацияны осылай деп атайды. Борис САРТАЕВ, Санитарлық авиация орталығының дәрігері: - Мына аппарат тоқтап қалған жүректің қызметін атқарады. Келесісі жасанды тыныс алуға қолданылады. Сары қобдишада дәрі-дәрмек бар. Біз көкте болған соң сырттан ешқандай көмек ала алмаймыз. Сол себептіде кез-келген жағдайға дайын болуымыз керек. Біздің Астанадан жолға шыққанымызға да 5-6 сағаттың жүзі болыпты. Оны қас қарайғанда бірақ аңғардық. Осы уақыт аралығында дәрігерлер бір тыныққан жоқ, тамақтанбақ түгіл. Міне, Астанаға да аман-есен жеттік. Әрі-бері, дәрігерлерді қайдам, түсіру тобы есеңгіреп қалды. Ұшақтың қонғанын мына жақта да арнайы топ күтіп тұр екен. Бірден ұлттық ғылыми медицина орталығына жеткізілді. Әнуар ӘБСАДЫҚОВ, Ұлттық ғылыми медицина орталығының дәрігері: - Зерттеулердің қорытындысы бойынша кез-келген уақытта бұл науқасқа операция жасаймыз. +Қазір тексерісті бастаймыз. Қос дәрігер міндетіне сай науқасты тиісті сала мамандарына уақтылы жеткізіп берді. Санитарлық авиация жұмысы осы жерде аяқталады. Аталмыш қызметтің жұмыс істеп жатқанына биыл төртінші жыл. Осы аралықта орталық мамандары республика бойынша 5225 адамды Астана, Алматы мен облыс орталықтарына жеткізіп берген. 3 айлық Абылай осыдан 10 күн бұрын Астанаға жеткізілді. Тұла бойы көгеріп, тыныстай алмаған сәбидің дертін Шымкенттік дәрігерлер таба алмапты. Мұнда нәрестенің жүрегінен 4 қуыс тесік табылды. Бірден ота жасалып, беті бере қарағаны міне осы. Айнұр ТАЙЖАНОВА, Абылайдың анасы: - Қайттан оралғымыз келмейді ол кезге енді. Қазір енді қуаныштымыз осы бала қасымызда болғанына.+Ондай деп ойлаған емеспіз жалғыз баламыз екеуімізді самолетпен әкетеді деп. Тегін операция деп ойламадық. Санитарлық авиация қызметі халықаралық тәжірбеде 1930, ал Қазақстанда 2011 жылы іске қосылды. Содан бері күнделікті аймақтар бойынша науқас тасымалдап келеді. Жайсан ЖАҚАНОВА, Республикалық санитарлық авиация орталығының диспетчері: Ең бірінші ана мен бала. Оның арасында жүкті әйелдер, жаңа туылған балалар + Сосын кардиологиялық науқастарға. Апапқа түскен науқастарға бірінші орында көмек көрсетіледі. Тасымалдауды қажет ететіндер туралы ақпарат бірден осы орталыққа келіп түседі. Жайсан ЖАҚАНОВА, Республикалық санитарлық авиация орталығының диспетчері: - Кей уақыттарда 10-15 шақыртуға дейін түседі. Оның барлығына бірдей ұша бермейміз. Ол пациенттерге санитарлық авиация арқылы тасымалдау қажет емес. Орнында облыс орталығында көмекпен шешілетін науқаста бар. Әуе медицинасы –арзан қызмет емесі анық. Мемлекет қазынасынан қаржыландырылатын санавиацияның әр ұшуы, оның мақсаты қатаң қадағаланып отырады. Нұрлан АҚЫЛБЕКОВ, Республикалық санитарлық авиация орталығының директоры: - Тік ұшақ бізде 500-600 мың теңгеге дейін бір сағатқа. Ұшақтар АН-24, ЯК-40 700-800 мың теңге. Шетелге шыққанда реактивті самолет болса бір миллионға дейін кетеді. Ердәулет БАЙДУЛЛАЕВ, тілші: - Біз тағыда ұшақ ішіндеміз. Санитарлық авиация дәрігерлерімен кезекті науқасқа көмек көрсетуге бара жатырмыз. Тағы да жол Қостанайға түсті. Топ құрамында үш дәрігер мен бір мейірбике бар. Бақытжан НҰРКЕЕВ, балалар кардиохирургі: - Балалар ауруханасына бара жатырмыз. Онда екі жасар бала науқас жатыр. Осыдан жыл бұрын жүрекке от жасалған. Қазіргі таңда науқастың жағдайы өте ауыр. Науқас біз барған кезде ес-түссіз жатты. Ультрадыбыстық тексеру нәрестенің жүрегіне ота қажетін көрсетті. Бірақ қазір пышақ астына түсіруге болмайды. Кішкентай әлсіз ағза тасымалдауғада шыдамауы мүмкін. Бақытжан НҰРКЕЕВ, балалар кардиохирургі: - Біз баланы Астанаға алып кететін болсақ жолда немесе ауруханада баланы жоғалтып алуымыз әбден мүмкін. +Операцияға дайын болмағандықтан ала алмаймыз. Дәрігерлер босқа келген жоқ. Мамандар жергілікті дәрігерлерге баланы емдеу жоспарын құрып берді. Одан бөлек өзге науқастарды де тексеріп, бірер аптадан соң ота жасайтын болып келісті. Айтпағымыз санитарлық авиация тасымалдаумен шектелмейді. Нұрлан АҚЫЛБЕКОВ, Республикалық санитарлық авиация орталығының директоры: - Қазір вызов түсті. Бригадамыз дайын болып отыр. Ұшайын деп жатыр. Қазір Ақтауға шығайын деп отыр. Кішкентай сәби нашар болғанда кувезге салып әкеліп жатырмыз. Орталықтың жұмысы үзіліссіз. Қызметкерлер үшін мұнда демалу бөлмесі мен тамақтану орныда қарастырылған. Хабар түссе кез-келген уақытта ұшуға әзір. Айта кетерлік жайт жедел қызметті пайдалануға аймақтағы ауруханалар ғана өтініш бере алады. Жеке тұлғада түскен хабарлама қабалданбайды. Ердәулет БАЙДУЛЛАЕВ, Қанат ЖҰМАБЕКОВ Нысана
"Нысана" 31.05.15 (Толық шығар…
"Қорланған балалық". "Нысана"…
"Оқулықтағы олқылықтар". "Ныса…
"Нысана" 24.05.15 (Толық шығар…
"Нысана" 7.05.15 (Мерекелік шы…
Қазақстандықтар өнер Батырын ж…
"Нысана" 3.05.15 (Толық шығары…
Байланысшылар бағыты қандай? "…
Құрт ауруына тосқауыл табылды…
Апаттан кейін халық қалай күн…
"Нысана" 26.04.15 (Толық шығар…
Аралға айналған ауыл 26 сәуір…
"Нысана" 19.04.15 (Толық шығар…
Су келді, дегбір кетті "Нысана…
«Көңіл қалдырған бір атым насы…
Мектепті есеңгіреткен иіс "Ныс…
Талайды тәуелді еткен насыбай…
Тасқын су салдары "Нысана" 19…
Қазаннан қақпақ кетсе, кеміргі…
Өзі қат, өзі қымбат "Нысана" 1…
Бүйрегі бұрды "Нысана" 12.04.1…
"Нысана" 12.04.15
Елордалық кәуап "Нысана" 12 сә…
Отандық дәрі-дәрмек "Нысана" 1…
"Нысана" 5.04.15
Алатаудың ар жағынан келген кө…
Отандық отын "Нысана" 5.04.15
Жанармай бағасы төмендей ме? "…
Қолжетімді көліктер "Нысана" 5…
"Нысана" 15.03.15 (толық шығар…
Нысана 8.03.15
Нысана 1.03.15
Нысана 22.02.15
Нысана 15.02.15
Нысана 08.02.2015
Нысана 01.02.2015
Нысана 25.01.15
Нысана анонсы 25.01.15
Ардан азғындық озса... Нысана…
Берекесі қашқан бағдарлама - Н…
Нысана 18.01.15
Шоу айтыс па, шала айтыс па?
Базары тарқаған Алматы - Нысан…
Татықтатқан ереже - Нысана 11.…
Нысана 11.01.15
Нысана Жаңа жыл 2015 28.12.14
"Нысана" студиясында Жаңа жылд…
Нысана 21.12.14
Нысана 14.12.14
Нысана 7.12.14
Нысана 30.11.14
Нысана 23.11.14
Нысана 16.11.14
Нысана 9.11.14
Нысана 2.11.14
Нысана 26.10.14
Нысана 19.10.14
"Нысана" - анонс 19.10.14
"Нысана" толық шығарылым 12.10…
"Нысана" толық шығарылым 5.10…
Нысана 28.09.14 толық шығарылы…
Нысана - 21.09.14 толық шығары…
Нысана 14.09.14
"Нысана" - анонс 14.09.14
"НЫСАНА" Армангүл Тоқтамуратпе…
"НЫСАНА" 7.09.14
Нысана (12.07.14 толық шығарыл…
Нысана (05.07.14 толық шығарыл…
"Нысана" (28.06.14. толық шыға…
Нысана (21.06.14 толық шығарыл…
Нысана (14.06.14 толық шығарыл…
"Нысана" (07.06.14. толық шыға…
"Нысана" (31.05.14. толық шыға…
"Нысана" (24.05.14. толық шыға…
Нысана (17.05.14. толық шығары…
Нысана (15.02.14. толық шығары…
"Нысана" (10.05.14. толық шыға…
"Нысана" (03.05.14. толық шыға…
"Нысана" (26.04.14. толық шыға…
"Нысана" (19.04.14. толық шыға…
"Нысана" (12.04.14. толық шыға…
"Нысана" (05.04.14. толық шыға…
"Нысана" (29.03.14. толық шыға…
Нысана (22.03.14. толық шығары…
Нысана (15.03.14. толық шығары…
Нысана (08.03.14. толық шығары…
Нысана (01.03.14. толық шығары…
Нысана (22.02.14.толық шығарыл…
Нысана (15.02.14. толық шығары…
Нысана (08.02.14. толық шығар…
Нысана (01.02.14 толық шығарыл…
http://www.youtube.com/watch?v…
"Нысана" (18.01.14 толық шығар…
Нысана (полный выпуск от 11.01…
"Нысана" (Полный выпуск от 29.…
"Нысана" (полный выпуск от 28.…
"Нысана" (Полный выпуск от 22…
"Нысана" (полный выпуск от 07…
"Нысана" (Полный выпуск 30.11.…
"Нысана" (Полный выпуск 23.11…
"Нысана" (полный выпуск от 16.…
"Нысана" (полный выпуск от 09.…
"Нысана" (полный выпуск от 02.…
"Нысана" (полный выпуск от 26.…
Нысана (полный выпуск от 19.10…
"Нысана" (полный выпуск от 12.…
Нысана (полный выпуск от 05.10…
"Нысана" (полный выпуск от 28.…
«Нысана» (полный выпуск от 21.…
«Нысана» (полный выпуск от 14.…
Итоговая программа «Нысана» (п…
Нысана (полный выпуск от 06.07…
Нысана (полный выпуск от 29.06…
Нысана (полный выпуск от 22.06…
Нысана (полный выпуск от 15.06…
Қоқыстан арылудың амалы
Нысана (полный выпуск от 08.06…
Нысана (полный выпуск от 01.0…
Нысана (полный выпуск от 25.05…
Нысана (полный выпуск от 18.05…
Нысана (полный выпуск от 04.05…
Нысана (полный выпуск от 27.04…
Нысана (полный выпуск от 20.04…
Нысана (полный выпуск от 13.04…
Нысана (полный выпуск от 06.04…
Нысана (полный выпуск от 30.03…
Нысана (полный выпуск от 16.03…
Дарынға дауыс бер_Мұзойғыш
Дарынға дауыс бер_Пеш
Дарынға дауыс бер_Темір түйген…
Дарынға дауыс бер_Күн сәулесім…
Дарынға дауыс бер_Акушерлік ке…
Нысана (полный выпуск от 09.03…
Нысана (полный выпуск от 02.03…
Өлекседен түскен айыппұл_Нысан…
Көңіл толқыны туралы тартыс_Ны…
Нысана (полный выпуск от 23.02…
Анонс "Нысана"_Қолжетімді басп…
Анонс "Нысана"_Айтаққа ерген а…
Нысана (полный выпуск от 16.02…
Нысана (полный выпуск от 09.02…
Нысана (полный выпуск от 02.02…
Нысана (полный выпуск от 26.01…
Нысана (полный выпуск от 19.01…
Нысана (полный выпуск от 12.01…
Нысана (полный выпуск от 29.12…
Нысана (полный выпуск от 15.12…
Нысана (полный выпуск от 08.12…
Нысана бағдарламасының анонсы…
Нысана (полный выпуск от 01.12…
Нысана (полный выпуск от 24.11…
Нысана (полный выпуск от 17.1…
Нысана (полный выпуск от 10.11…
Нысана (полный выпуск от 03.11…
Нысана (полный выпуск от 27.10…
Нысана (полный выпуск от 20.10…
Нысана (полный выпуск от 13.10…
Нысана (полный выпуск от 06.10…
Нысана (полный выпуск от 29.09…
Нысана (полный выпуск от 22.09…
Нысана (анонс от 22.09.12)
Нысана (полный выпуск от 15.09…
Онлайн-трансляция «Седьмого канала»
Cегодня вечером
Подписывайся на наши аккаунты в социальных сетях и будь в курсе всех событий «Седьмого канала!»

















Продвижение сайта и учет позиций Яндекс.Метрика