19.02.2016, 19:03 Қазақстан кәсіпкерлерінің құқығын қорғау жөніндегі уәкіл тағайындалды
Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. "Мемлекет басшысының Өкімімен Болат Әбілқасымұлы Палымбетов Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада. Палымбетов Болат Әбілқасымұлы 1961 жылы 28 шілдеде Қызылорда облысының Шиелі ауданында туған. Қазақ политехника институтын, Еуразия нарық институтын бітірген. 1990-1991 жылдары - "Қайсар" өндірістік кешені төрағасының орынбасары, Республикалық жүйелі зерттеулер орталығы қолданбалы зерттеулер бөлімінің меңгерушісі. 1991-1992 жылдары - "Жастар" жастар қоры кеңесінің төрағасы, "Олжа" шағын кәсіпорны директорының орынбас-ары. 1992-1993 жылдары - Алматы қалалық жастар ісі комитеті экономика бөлімінің меңге-рушісі, "Астана-Полис" сақтандыру фирмасының директоры. 1993-1997 жылдары - "Астана-Инвест" инвестициялық жекешелендіру қорының басқарушысы. 1997-1998 жылдары - "Аста-на-Холдинг" Корпорациясы" ЖАҚ-ының президенті, бақылау кеңесінің төрағасы. 1998-1999 жылдары - "Қазақстан халықтық жинақ банкі" ААҚ басқармасы төрағасының орынбасары. 1999-2001 жылдары - Атырау облысы әкімінің орынбасары. 2001-2002 жылдары - Қазақстан Республикасы Экономика және сауда вице-министрі, "ҚазТрансОйл" ЖАҚ бас директорының орынбасары, бас директоры, "Мұнай және газ тасымалдау" Ұлттық компаниясы" ЖАҚ бас ди-ректорының бірінші орынбасары. 2002-2006 жылдары - Маңғыстау облысының әкімі. 2006 жылы - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі. 2007 жылы - "Меркурий" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы. 2007-2010 жылдары - "Каспий" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" Ұлттық компаниясы" АҚ-ының басқарма төрағасы. 2010-2011 жылдары - "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ басқарма төрағасының орынбасары - басқарушы директоры. "ҚазПетроМаш" компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы қызметінде болған. "Құрмет", 3-дәрежелі "Ерен еңбегі үшін" ордендерімен марапатталған, экономика ғылымының кандидаты. "Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қоры" АҚ басқарма төрағасы болған. 

http://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/kazakstan-kaspkerlernn-kukyigyin-korgau-jonndeg-268100/

Көп оқылатын жаңалықтар
«Мына материалға әлі пікір жазылмаған, сіз бірінші болып жазып отырсыз».
«Жетінші арнаның» онлайн-көрсетілімі
Бүгін кешке
Әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазыл және «Жетінші арнаның» барлық оқиғаларынан хабардар бол!

















Продвижение сайта и учет позиций Яндекс.Метрика