19.02.2016, 17:06 Қайрат Нұртас - Мәжіліс депутаттығына ең жас кандидат
Әнші Қайрат Нұртас Мәжіліс депутаттағына ең жас кандидат атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Орталық сайлау комиссиясы тізімдерді тіркеу қорытындысын жария етті. 19 ақпанда оларды тіркеу мерзімі аяқталады. "Орталық сайлау комиссиясы алты саяси партияны тіркеді, онда 234 кандидат бар. Олардың ішіндегі 187-сі немесе 79,9 пайызы ер адамдар және 47-сі немесе 20,1 пайызы әйел адамдар. 233 кандидаттың жоғарғы білімі бар. Әрбір төртінші кандидат - инженер, әрбір бесінші кандидат - экономист немесе заңгер. 67 кандидат - мемлекеттік емес ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкері, 47 пайызы - Парламент Мәжілісінің V шақырылымының депутаттары. Тіркелген кандидаттардың орташа жасы - 52, ең жасы 26-да", - деп хабарлады орталық коммуникациялар баспасөз мәслихатында Қуандық Тұрғанқұлов. Айта кетейік, Қайрат Нұртас 25 ақпанда 27-ге толады. 

http://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/kayrat-nurtas---majls-deputattyigyina-en-jas-268096/

Көп оқылатын жаңалықтар
«Мына материалға әлі пікір жазылмаған, сіз бірінші болып жазып отырсыз».
«Жетінші арнаның» онлайн-көрсетілімі
Бүгін кешке
Әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазыл және «Жетінші арнаның» барлық оқиғаларынан хабардар бол!

















Продвижение сайта и учет позиций Яндекс.Метрика